HP PageWide 6000 Introductory Information - Page 39

Жүйелік қателер, Қуат сипаттамалары, Ең жоғары механикалық жүк

Page 39 highlights

HP http://www.hp.com/go/selfrepair HP PageWide XL HP PageWide XL 0075-XXXX-XXXX Ұсыныс 32 В 2,5 A 80 кг 2

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
  • 11
  • 12
  • 13
  • 14
  • 15
  • 16
  • 17
  • 18
  • 19
  • 20
  • 21
  • 22
  • 23
  • 24
  • 25
  • 26
  • 27
  • 28
  • 29
  • 30
  • 31
  • 32
  • 33
  • 34
  • 35
  • 36
  • 37
  • 38
  • 39
  • 40
  • 41
  • 42
  • 43
  • 44
  • 45
  • 46
  • 47
  • 48
  • 49
  • 50
  • 51
  • 52
  • 53
  • 54
  • 55
  • 56
  • 57
  • 58
  • 59
  • 60

Кіріспе ақпарат
2
Қазақша
Жалпы қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықтар
HP компаниясының Тұтынушылардың жөндеуі бағдарламасымен қамтылған бөлшектерден басқа, үстіңгі
жинағышта оператор қызмет көрсететін бөлшектер жоқ (http://www.hp.com/go/selfrepair/ торабын көріңіз).
Басқа бөлшектерге қызметті білікті қолдау көрсету өкілі көрсетеді.
Принтерді ажыратып, келесі жағдайларда қызмет көрсету өкіліне хабарласыңыз:
Үстіңгі жинағыш соққы тиіп зақымданған.
Кез келген механикалық немесе сыртқы зақымдану байқалады.
• Үстіңгі жинағышта сұйықтық бар.
Үстіңгі жинағыштан түтін немесе әдеттегіден тыс иіс шығады.
• Үстіңгі жинағыш құлаған.
Үстіңгі жинағыш дұрыс жұмыс істеп тұрған жоқ.
Үстіңгі жинағыштың жарақатқа себеп болуы мүмкін қозғалатын бөліктері бар. Адам жарақатын болдырмау үшін
үстіңгі жинағыштың жанында жұмыс істегенде келесі сақтық шараларын қолданыңыз:
Киіміңізді және дене мүшелеріңізді үстіңгі жинағыштың қозғалатын бөліктерінен алшақ ұстаңыз.
Алқа, білезік және басқа да ілінетін заттарды тағудан аулақ болыңыз.
Шашыңыз ұзын болса, оны үстіңгі жинағышқа тимейтіндей етіп жинаңыз.
Жеңдердің немесе қолғаптың үстіңгі жинағыштың қозғалатын бөліктерінде қыстырылмайтынына көз жеткізіңіз.
Төсеу барысында механизмдерді немесе қозғалатын доңғалақтарды ұстамаңыз.
Үстіңгі жинағышты қақпағы жабылмайынша пайдаланбаңыз.
HP PageWide XL принтер сериялары құжаттамасын көріңіз.
Жүйелік қателер
Белгілі бір жағдайларда сандық қате коды алдыңғы тақтада пайда болады. Қатені түзету үшін Ұсыныс
бағанындағы кеңесті орындаңыз. Егер ұсыныс мәселені шешпесе, қолдау көрсету өкілімен хабарласыңыз.
Мұнда тізімделген қате кодтары негізгі HP PageWide XL принтер сериялары құжаттамасында қосымша көрсетіледі.
Егер қате коды тізімге қосылмаған алдыңғы тақтада пайда болса, принтерді өшіріп, оны қайта қосыңыз. Егер
мәселе қайталанса, қолдау көрсету өкілімен хабарласыңыз.
Қате коды
Ұсыныс
0075-XXXX-XXXX
Алдыңғы тақтадағы нұсқауды орындап, қағаз жолында кедергінің жоқтығын
тексеріңіз. Егер принтерді қайта іске қосқаннан кейін мәселе қайталанса,
қолдау көрсету өкілімен хабарласыңыз.
Қуат сипаттамалары
Сипаттама
ТТ кернеуі
32 В
Ең жоғары жүк тогы
2,5 A
Ең жоғары механикалық жүк
80 кг